Forester

19 750 000 тг бастап
 
Қауіпсіздік
Жүргізуші күйін қадағалау жүйесі
Сақина пішінді көтергіш қаңқа
 
 
Жетек
AWD симметриялы толық жетегі
 
 
Ең жоғ. жылдамдық
239/207 км/сағ
 
 
Жол саңылауы
220 мм

Интерьер

Мінсіз жайлылық

Мінсіз жайлылық

Әрбір бөлшектің жайлылығы: есіктерінің енділігі, есіктік ашылу бұрышы ~90, жүргізушінің орындығын 8 бағытта электрреттеу және баптауларды есте сақтау функциясы, үлкен панорамалы люк, кең салон.

Электр жетегі және автоматты құлыптау функциясы бар сыйымды жүксалғыш

Электр жетегі және автоматты құлыптау функциясы бар сыйымды жүксалғыш

Кеңейтілген жүк салу кеңістігі, электр жетегімен жұмыс істейтін және автоматты құлыптау функциясы бар артқы есікті пайдалану оңай, жүк бөлімшесін жарықтандыру-бұл жаңа Forester-ді шынымен жан-жақты және жайлы ететін нәрселердің аздаған ғана бөлігі. Forester Сізге ұнайтын нәрсені жасауға көмектесу және әр сапарды жаңа әсермен толықтыру арқылы иесінің ең белсенді өмір салтын қолдауға дайын.

Керемет шолу мүмкіндігі

Керемет шолу мүмкіндігі

Subaru инженерлері шанағын алдына және бүйір жақтарына қараған кезде жүргізушіге көрінбейтін жерлерін азайтатындай етіп құрастырды: енді Сіз үшін жолдағы кедергілердің, жаяу жүргіншілер мен автомобильдердің көлік жүргізу кезінде тосыннан шығып қалуы болмайды - салонның құрылымы мен есіктерге ауыстырылған бүйірлік айналар Сізге қозғалыс пен маневр жасау кезінде айналаңыздағы кеңістікті толық бақылауға мүмкіндік береді.

Экстерьер

Сезінуге оңай мүмкіндіктер

+

+

+

Мінсіз жүйе. Ақылдырақ. Үлкенірек. Қуаттырақ.

Артқы көрініс және алдыңғы бүйірлік аймақты шолу камерасы

Артқы көрініс және алдыңғы бүйірлік аймақты шолу камерасы

Forester автокөлігімен қаланың тар көшелерінде маневр жасау ыңғайлы, әрі оңай. Артқы берілісті қоссаңыз, камера аспаптар тақтасының дисплейіне тұраққа қою кезінде Сізге көмектесетін түрлі-түсті кескінді шығарады.

Алдыңғы/бүйірлік аймақты шолу камерасы тұраққа қою ыңғайлылығын одан ары арттырады. Камера оң жақ бүйірлік айнада орналасқан. Камера автокөліктің алдында алдыңғы жолаушының жағындағы көріністі түсіреді, кескін көп функциялы түрлі-түсті дисплейге беріледі.

Аспаптар тақтасындағы 4,2" түрлі-түсті дисплей

Аспаптар тақтасындағы 4,2" түрлі-түсті дисплей

Оңай оқылатын қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізуді қамтамасыз етеді, бұл жүргізушіге назарын жолға шоғырландыруға мүмкіндік береді.

8 динамигі бар премиум санатындағы Harman/Kardon аудиожүйесі.

8 динамигі бар премиум санатындағы Harman/Kardon аудиожүйесі.

Қуат күшейткіші, сабвуфері және 8 динамигі бар премиум санатындағы Harman Kardon аудиожүйесі бар мультимедиа жүйесі.

Start/Stop түймесі арқылы кілтсіз кіру және қозғалтқышты іске қосу жүйесі

Start/Stop түймесі арқылы кілтсіз кіру және қозғалтқышты іске қосу жүйесі

Алдыңғы есіктерді, сондай-ақ жүксалғыш бөлімнің есігін жай ғана есіктің тұтқасынан ұстап ашуға мүмкіндік береді. Қозғалтқыш түйменің көмегімен оталдырылады.

Дауыспен басқарылатын, Apple CarPlay және Android Auto, Bluetooth жүйелері, навигация жүйесі мен 8 дюймдік түрлі-түсті сенсорлық дисплейі бар мультимедиа.

Дауыспен басқарылатын, Apple CarPlay және Android Auto, Bluetooth жүйелері, навигация жүйесі мен 8 дюймдік түрлі-түсті сенсорлық дисплейі бар мультимедиа.

Дауысты анықтау функциялары назарыңызды жолдан бұрмай, қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дауыстық байланысты пайдалануға мүмкіндік береді.

6.3" түрлі-түсті көп функциялы дисплей

6.3" түрлі-түсті көп функциялы дисплей

Дисплейде пайдалы ақпарат және борттық жүйелердің ескертулері көрсетіледі.
Навигация жүйесі қиылыстарға немесе бұрылыстарға жақындаған кезде қажетті ақпаратты көрсетеді.

EyeSight – жүргізушіге көмектесу жүйесі

EyeSight жүйесі жолдың және ондағы заттардың үш өлшемді түрлі-түсті бейнесін алу үшін стереокамераны қолданады.

Бұл жаныңызда отырған қырағы жолаушы сияқты, сіз байқамаған кез келген қауіп туралы ескертеді немесе жүргізуші қателіктерінің салдарын азайтуға көмектеседі.

Қауіпсіздік

Автокөліктің қауіпсіздігі туралы айтатын болсақ, әдетте соқтығысуд?
X-Mode қозғалыс кезіндегі көмекші жүйесі

X-Mode қозғалыс кезіндегі көмекші жүйесі

X-Mode жолсыз жермен қозғалу кезіндегі көмекші жүйесі. Қозғалтқыштың, Lineartronic сатысыз трансмиссиясының, толық жетек және динамикалық тұрақтандыру (VDC) жүйелерінің жұмыс параметрлерін реттей отырып, X-Mode көлік жүргізу тәжірибесінің деңгейіне қарамастан жүргізушілерге Subaru автокөлігінің керемет жолсыз жерде жүру қасиеттерін толық пайдалануға мүмкіндік береді.

X-Mode беткейге қарай түскен кезде тұрақты жылдамдықты автоматты түрде сақтауға көмектесетін жүйені қамтиды. Бұл жүргізушінің көңілін автокөлікті басқаруға шоғырландыруға және мұндай жағдайда қауіпті болатын дөңгелектердің бұғатталып қалуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Сақина пішінді көтергіш қаңқа

Сақина пішінді көтергіш қаңқа

1996 жылы Subaru компаниясы салонды алдыңғы жағынан, ығыстырылған, бүйірлік және артқы жағынан соқтығысулар кезіндегі соққылардан қорғайтын сақина пішінді көтергіш қаңқаның қолданылуы туралы жариялады. Subaru қауіпсіздіктің жоғары деңгейінің арқасында бүкіл әлемде сатылымдар хитіне айналды. Оның конструкциясында төбе мен еденді күшейтілген бүйірлік бойлық арқалықтары мен бүйірлік табалдырықтары бар бүйірлік бағандармен біріктіріп тұратын сақиналы құрылым қолданылған, бұл автокөліктің бүкіл салонын құрсаулайтын тор түзіп тұрады. Мұндай конструкция салонның сенімді қорғанысын қамтамасыз ете отырып, соқтығысу кезінде кез келген бағыттан келетін соққыларды тиімді сіңіріп алады.

Көзден таса аймақтардағы объектілерді анықтау жүйесі (BSD)

Көзден таса аймақтардағы объектілерді анықтау жүйесі (BSD)

BSD жүйесі радардың көмегімен көзден таса аймақтардағы (ортаңғы және артқы бағандардың арт

Артта келе жатқан автокөлікті анықтау жүйелерінің кешені (SRVD)

Артта келе жатқан автокөлікті анықтау жүйелерінің кешені (SRVD)

Автокөліктер тап болатын жолдардағы апаттардың көбі көріністің шектеулі болуына байланысты орын алады. Сондықтан қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі – жақын аймақта болып жатқан жағдайды барынша шолу. Алайда кез келген автокөліктің басқа көліктер көзге көрінбей қалатын көзден таса аймақтары болады. Subaru жүйелерінің жаңа кешені визуалды және дыбыстық сигналдарды қолдана отырып, арт жақтан жақындап келе жатқан көлік құралдары туралы ескертеді. Бұл жүргізушіге басып озу және жол жолағын ауыстыру, түзу жолмен сондай-ақ артқы жүріспен жүру кезінде жағдайды жақсырақ бақылауға көмектеседі. Жүйелер кіріктірілген радарлар негізінде 40 миллисекунд жылдамдығымен жұмыс істейді және көзден таса аймақтардың қауіптілігін азайтады.
Жаңартылған Subaru Forester автокөлігінің артқы көрініс айналарына жарықдиодты индикатор орнатылған, бұл жүргізушіге жолдан назарын бұрмастан, автокөліктің артындағы жағдайды жақсырақ бақылауға мүмкіндік береді. Қажет болса, анықтау жүйелерін өшіруге болады.

Рульмен басқару әрекеттеріне ілесіп отыратын SRH фаралары

Рульмен басқару әрекеттеріне ілесіп отыратын SRH фаралары

Оң және сол жақ фаралар алдыңғы жолды жарықтандырады, ал олардың сәйкес оптикалық осьтері рульдің әртүрлі бұрылу бұрыштарына бейімделеді және ?

Артқы жүріспен жүру кезіндегі көмекші жүйе (RCTA)

Артқы жүріспен жүру кезіндегі көмекші жүйе (RCTA)

Артқы жүріспен жүрген кезде, радарлық датчиктердің көмегімен жүйе оң және сол жақтан жақындап келе ж?

Қозғалыс жолағын ауыстыру көмекші жүйесі (LCA)

Қозғалыс жолағын ауыстыру көмекші жүйесі (LCA)

Радарлық датчиктердің көмегімен жүйе көрші қозғалыс жолағында жоғары жылдамдықпен жақындап келе жатқан көлік құралдарының бар-жоғын анықтайды және жолақты ауыстырған кезде соқтығысу қаупі туралы жүргізушіні хабардар етеді.

Технологиялар
Көлденең-оппозиттік қозғалыс

Ауырлық орталығының төмендігі және көлденең-оппозиттік қозғалтқыштың бойлық орналасуы бұрылыста тек орамдарды ғана емес, сонымен қатар көліктің тік осіне қатысты инерция моментін азайтуға мүмкіндік береді, бұл айналу мүмкіндігін жақсартуға көмектеседі.

Бұрау сәтін белсенді түрде үлестіретін толық жетекті жүйе

Толық жетек жүйесі кез келген жол және ауа райы жағдайында мән-жайды бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, қозғалтқыштың қуатын төрт дөңгелектің әрқайсысына үздіксіз беріп тұрады.

Қозғалтқыштың тігінен орналасуын қоса алғанда, жүйенің негізгі элементтерінің симметриялы жайғастырылуы массалардың тік-көлденең балансын оңтайландырады және кез келген жабындарда әртүрлі қозғалыс жағдайларында тұрақты тартуды қамтамасыз етеді.

LINEARTRONIC сатысыз трансмиссиясы

Lineartronic трансмиссиясы – сериялы түрде шығарылатын автокөлікке орнатылатын шынжырлы типті тігінен орналасатын бірінші сатысыз вариаторлық трансмиссия. Белдіктің орнына шынжырды пайдалану беріліс қатынастарының ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Нәтижесінде динамиканың жақсаруына, жанармай шығынын азайтуға және акселератор педалінің жүргізушінің басқару әрекеттеріне жауап реакциясының жылдамдығын арттыруға қол жеткізілді.

Auto Vehicle Hold автокөлікті автоматты түрде ұстап тұру функциясы

Толық тоқтағаннан кейін, Auto Vehicle Hold функциясы тежеуіш педалі жіберілген кезде де машинаны автоматты түрде ұстап тұрады, бұл кептелісте қозғалған кезде жүргізушінің шаршауын азайтады.

SI-Drive интеллектуалды жетек жүйесі

Жүргізушіге автокөліктің жүріс сипаттамаларын өзінің жүргізу стиліне бейімдеуге мүмкіндік береді.

1) Intelligent режимі – бұл режим күнделікті сапарлар үшін өте қолайлы, өйткені ол жақсы қабылдағыштық пен жоғары экологиялық сипаттамалардың оңтайлы теңгерімін қамтамасыз етеді. Дроссельді жапқыштың жұмыс режимдерінің картасы жүрістің жоғары жатықтық сипатын және жоғары жанармай үнемділігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл – тайғақ жолдардағы немесе қаладағы қозғалыс кезінде жоғары басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін оңтайлы режим.

2) Sport режимі – Sport режимі кез келген қозғалыс жылдамдығында қозғалтқыштың жатық жұмыс сипаттамаларын қамтамасыз етеді. Бұл режим динамикалық жүргізу стилін ұнататын жүргізушілердің күнделікті сапарлары үшін оңтайлы. Акселератор педалін басқан кезде, жылдамдықты үдетудің қуаты мен желілік сипатын бірден сезінесіз. Мұның бәрі барлық айналу ауқымдарында бұрау сәтінің жоғары қуатын беретін аты аңызға айналған Subaru BOXER қозғалтқышының арқасында қолжетімді.

3) Sport Sharp режимі жоғары динамиканы қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, қозғалтқыштың әлеуетін барынша пайдалануды қамтамасыз етеді. Акселератор педалін басқан кездегі жауап реакциясы автокөліктің үдеуі сияқты бұрынғыдан да күштірек және жылдамырақ бола түседі. Автоматты трансмиссияның берілістерді ауыстырып қосуы бұрынғыдан да жоғары жылдамдықпен жүзеге асырылады. Кері қарай төмен берілістерге ауысу режимінде трансмиссияда берілістерді дереу түсіру механизмі қарастырылған, ол бұрау сәтін бұрау сәтінің қисық сызығының жоғарғы нүктесінде ұстап тұрады.

img
img
img
img
img
icon icon icon icon icon

www.shymkent.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.