EyeSight

Жүргізушінің көмекші жүйесі

EyeSight жүйесі – Subaru компаниясының превентивті қауіпсіздік технологиясы, бұл жүргізушіге шешім қабылдауға көмектесетін және қауіпсіз әрі ыңғайлы жүргізуді қамтамасыз ететін көлік жүргізу жүйесі. Subaru арнайы әзірлеген стереокамерадан түсірілген бейнені қолдана отырып, EyeSight алда келе жатқан автокөліктерді, жаяу жүргіншілерді, қозғалыс жолақтарын және басқа заттарды анықтайды. Жүйе бейімделетін круиз-контроль, автоматты шұғыл тежеу, келе жатқан жолақтан шығу және белгілерге жақындау туралы ескерту, сондай-ақ жолақпен қозғалысты белсенді бақылау функцияларын қамтиды.

Автоматты шұғыл тежеу жүйесі

EyeSight алдыдағы автокөлікпен немесе кедергімен соқтығысудан сақтану бойынша әрекеттер жасай алуы үшін жүйе жүргізушіге қозғалыс бағытындағы қашықтықтың қысқарғаны туралы ескертеді. Егер жүргізуші ескертуге жауап әрекетін жасамаса, соқтығысудан болатын зақымдану дәрежесін төмендету немесе мүмкін болса, соқтығысуды алдын алу үшін автоматты түрде тежегіштер іске қосылады.

 

Бейімделетін круиз-контроль

EyeSight автокөліктің берілген жылдамдығын ұстап отырады және егер алдыда дәл осы қозғалыс жолағында қозғалып бара жатқан автокөлік бар болса, жүйе осы автокөлікке дейінгі берілген арақашықтықты ұстау үшін жылдамдықты реттеп отырады.

 

Апат алдындағы акселераторды басқару жүйесі

Егер EyeSight жүйесі автокөлік алдындағы кедергінің болуын анықтаса және селектор тұтқасы “Drive” күйіне орнатылса, ол жүргізушіге ескертеді, сонымен қатар автокөліктің дұрыс емес бағытта қозғалуын азайту үшін қозғалтқыштың қуатын шектейді.


Назар аударыңыз!

Жүргізушінің көмекші жүйесі автопилот болып табылмайды, ешбір жағдайда автокөлікті жүргізу кезінде тек жүйенің жұмысына ғана сүйеніп қалмаңыз.

Жүргізуші қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бүкіл күш-жігерін жұмылдыруы тиіс және міндетті түрде жол қозғалысы ережелерінің сақталуына жауапкершілік көтереді.

*Жүргізушінің көмекші жүйесінің болуы автокөліктің моделі мен жинақтамасына байланысты.

icon icon icon icon icon

www.shymkent.subaru.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.